Airan Media журналистеріне арналған семинар «Масс-медиа туралы Заң: Журналист жұмысындағы маңызды өзгерістер»
Мемлекеттік мекеменің аумағында журналист түсіре алады ма? Мектепте, ауруханада, т.б. жерлерде журналист өз қызметін атқаруға құқылы ма? Митинг, төтенше жағдай кезінде жаңа ереже бойынша журналистің қызметі қалай жүзеге асырылады? «Әділ сөз» қорының заңгері Сергей Уткиннің «Airan Media» журналистеріне арналған семинарында осы және өзге де мәселелер талқыланды.
Тренинг барысында Сергей Уткин қазіргі уақытта заң БАҚ-қа жаңа шектеулер қоятынын, бірақ өз құқығыңызды біле отырып, жұмысыңызды нәтижелі атқаруға болатынын айтты. Қоғамдық мекемелердегі түсірілім және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Айыппұл мен дауласуды болдырмау үшін заңды түрде түсірілімді қалай жүргізу керек. Журналистер авторлық құқық мәселелері, алдын-ала келісімсіз түсіру мүмкіндігі және т.б. сұрақтар қойды.
Семинар нақты тәжірибеден алынған мысалдарды талқылап пікірталас форматында өтті. Барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.