Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Әділ сөз» қорының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы журналистердің ұжымдық талап арызы бойынша сот шешіміне қатысты мәлімдемесі

11 қараша 2024

«Әділ сөз» қоры Журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларының 11-тармағының 1) тармақшасы конституциялық емес деп тану туралы журналистердің талаптарын қабылдамаған сот шешіміне қынжылыс білдіреді. Біз бұл шешімді журналистердің ақпаратты еркін таратуы бойынша конституциялық құқығын бұзады және Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет принциптеріне қайшы келеді деп есептейміз. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі енгізген шектеулер олардың өкілеттігінен асып түсті. Біз шектеулердің тек заңмен реттелуін талап етеміз. Талапкерлер бұл шешімді жоғары сатыдағы сотта қайта қаратуға шағымданатын болады, ал «Әділ сөз» қоры журналистердің тәуелсіз және бейтарап жұмыс жасау құқықтарын қорғауды жалғастыра отырып, апелляцияда қолдау көрсетеді. Біз Конституцияны құрметтеуге және барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сөз бостандығын қамтамасыз етуге шақырамыз. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз