30 қыркүйек
Қоғам (Қазақстан)
Жыл басынан бері суицид туралы 43 интернет-ресурс анықталды
Vlast.kz 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда суицидке қатысты контент белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Бұл туралы брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев айтты, деп хабарлайды. Бұл сайттардағы ақпаратты бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді.
Сондай-ақ Әлекешев соңғы кездері мессенджерлер арқылы қауіпті ойындардың таралып жатқанын атап өтті. Олар суицид жасауға шақырмаса да, балалар психикасына және олардың әлеуметтік нормаларды қабылдауына теріс әсер ететін қашу мен қарсылықты романтизациялай алады.
Ішкі істер министрлігінің өкілі ата-аналарға бала тәрбиесі мен оларды қадағалаудың маңыздылығын еске салды. Шыңғыс Әлекешев полицейлер суицидтің әрбір фактісі бойынша оның себептері мен ықтимал кінәлілерін анықтау үшін тексеру жүргізеді деді.
Ішкі істер министрлігінің талдауы көрсеткендей, суицид жасауға оқталу фактілерінің басым бөлігін 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер жасайды.
1 қазанда Бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісінде прокуратура 15 мың зиянды сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізгенін хабарлады.
3 қазан
Қоғам (Қазақстан)
Алматыда суицидке шақыратын чат бұғатталды
Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі «депрессиялық контент» Telegram арнасын бұғаттау шаралары туралы хабарлады.
«Тексеру барысында чаттың 67 жазылушысы әкімшіден суицидтік бағыттағы нұсқау алғаны анықталды. 2024 жылдың 23 қыркүйегінде сот Алмалы аудандық прокурорының деструктивті чатқа тосқауыл қою туралы талап арызын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жіберілді»,- делінген хабарламада.
Прокуратура ата-аналарға интернетті пайдалануға жауапкершілікпен қарауды, күдікті контент анықталса, құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертті.
30 қыркүйек
Қоғам (әлем)
ЕО ЖИ жүйесіндегі пайдаланушы деректерін қорғауды бақылауды күшейтеді
Eurasian Digital Foundation Еуропалық Одақ Google, X платформасы (бұрынғы Twitter) және Meta сияқты ірі IT-компаниялардың ЖИ жүйелерінде құпиялылықты бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды.
ЕО-ның деректерді қорғау жөніндегі жетекші реттеушісі, Ирландияның Деректерді қорғау комиссиясы (DPC) қыркүйектің ортасында Google-ға қатысты тергеуді бастады.
Тергеудің мақсаты - жаңа Pathways Language Model 2 ЖИ жүйесін әзірлеу кезінде компанияның еуропалық пайдаланушылардың жеке деректерін қаншалықты жақсы қорғайтынын тексеру.
Х реттеушінің назарына ілінді. 2024 жылдың тамызында Eurasian Digital Foundation хабарлағандай, компания өзінің ЖИ жүйесін оқыту үшін ЕО пайдаланушылардың деректерін пайдалануды уақытша тоқтатуға келісті.
Бұрын, 2024 жылдың маусымында Meta Ирландияның Деректерді қорғау комиссиясымен кеңескеннен кейін Еуропада өзінің ЖИ үлгілерін шығаруды кейінге қалдырды.
ЕО-дағы деректерді қорғаудың негізгі құралы пайдаланушылардан деректерді өңдеуге нақты келісімді талап ететін және кез келген уақытта оны қайтарып алу құқығын беретін Жалпы деректерді қорғау ережесі (GDPR) болып табылады. 2024 жылдың тамызында күшіне енген жаңа ЕО жасанды интеллект актісі (ЕО AI Act) технологиямен байланысты тәуекелдерді азайтуға бағытталған ЖИ-мен жұмыс істейтін компаниялар үшін қатаң ережелерді енгізеді.
2 қазан
Қоғам (Қазақстан)
Жоғары лауазымды шенеуніктердің салық декларациясын жариялау туралы шешім келесі жылы қабылданады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің салық декларациясына жұртшылықтың қолжетімділігі мәселесі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастырылып жатқанын, шешім келесі жылы жариялануы мүмкін екенін айтты.
3 қазан
Қоғам (Қазақстан)
Жыл басынан бері Қазақстандағы Google және басқа да халықаралық компаниялар 23 млрд теңгеден астам салық төледі
ҚазТАГ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МҚК) мәліметіне сілтеме жасап Қазақстанның 2024 жылғы бюджетіне «Google салығы» бойынша 23,3 млрд теңге кіріс түсті, деп хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, ірі салық төлеушілер салық салынатын халықаралық компаниялар арасында 80-нен астам халықаралық компаниялар тіркелген. Мысалы: Google, Apple, Netflix, Amazon. 2024 жылы қазақстандық салық төлеушілер тізіміне 21 компания қосылды. Олар Temu, Garmin, Amazon, Ivi және т.б.
Қазақстанда 2022 жылы енгізілген бұл салық қазақстандық тұтынушыларға жарнамалық қызметті, контентті және бұлттық қызметтерді ұсынатын халықаралық компанияларға әділ салық салуды көздейді.